Turlov Private Holding

компаниясына қош келдіңіз

Біз туралы

Turlov Private Holding (TPH) - 2021 жылғы 19 шілдеде тіркелген жеке инвестициялық компания. Компания қазақстандық кәсіпкер, Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турловқа тиесілі. TPH-тің бас директоры - Ольга Баскакова, ол компанияның миноритарлық үлесіне ие құрылтайшысы. Компания жеке активтерді бір құрылымға біріктіріп, отбасылық капиталды басқару мақсатында құрылған.

TPH Freedom Holding Corp.-тың жария нарықтағы экожүйесінен тыс дамып келе жатқан кәсіпкерлік бастамалар мен жобаларға инвестиция салады. Компанияның негізгі қызметі - бизнестің тұрақты дамуына, инвестициялық портфельді әртараптандыруға және экономиканың негізгі салаларында болашағы бар жобаларды іске қосуға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық инвестициялар.

TPH-тің инвестициялық мүдделеріне өндірістік және инфрақұрылымдық жобалар, технологиялық компаниялар, сондай-ақ білім беру, спорт және медиа салаларындағы жобалар кіреді. Компания серіктес кәсіпорындардың сапалы дамуы мен ауқымын кеңейтуге ресурстар бағыттап, Қазақстан экономикасы үшін ұзақ мерзімді практикалық құндылық қалыптастыруға ұмтылады.

Тарихымыз

Turlov Private Holding (TPH) 2021 жылы белгілі қаржыгер Тимур Турловтың жеке инвестициялық компаниясы ретінде құрылды. Компания 2021 жылғы 19 шілдеде «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелді. Негізгі қызмет түрі - сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыруға қатысы жоқ қаржылық қызметтер көрсету. 2023 жылы холдинг экономиканың нақты секторындағы қатысу аясын кезең-кезеңімен кеңейте бастады. Атап айтқанда, «Семей цемент зауыты» өндірістік компаниясының қатысушылары құрамына кірді. Сол жылы TPH бағалы және сирек металдарды өндірумен айналысатын Central Asia Gold Corp. және Central Asia Gold Production компанияларынан үлес сатып алды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда мыс кен орындарын өнеркәсіптік барлаумен айналысатын «Ай Қарауыл» компаниясының акционері атанды.

2024 жылы Turlov Private Holding Қарағандыдағы «Сары-Арқа» әуежайымен байланысты Sky Service ЖШС-нің 60% үлесін сатып алды. Сонымен қатар холдингтің инвестициялық портфелі технологиялар мен телекоммуникациялар бағытында дами түсті.

2025-2026 жылдары TPH көлік-логистика саласындағы қатысу аясын кеңейтіп, инвестициялық портфелін толықтыруды жалғастырды. Осы кезеңде холдинг портфеліне «Арлан Транс» компаниясы қосылды. 2026 жылғы наурызда Turlov Private Holding жүк тасымалымен айналысатын Alatau Air Cargo компаниясының 50,98% үлесіне ие болды. Тамыз айында бұл үлеске иелік ету құқығы жеке TPH Logistics Group компаниясына берілді.

2026 жылы TPH медиа саласындағы инвестицияларын да кеңейтті. Turlov Private Holding Қазақстандағы ірі медиахолдингтердің бірі әрі бірнеше медиакомпанияны біріктіретін Musan Group акционерлерінің қатарына қосылды. Бұған дейін TPH медиа саласындағы тағы бір актив - «Kursiv Media Holding» ЖШС-не инвестиция салған болатын.

Бүгінде Turlov Private Holding өнеркәсіп пен пайдалы қазбаларды өндіру, инфрақұрылым және көлік, телекоммуникациялар мен технологиялар, медиа, білім беру және спорт салаларындағы инвестицияларды біріктіреді. Холдингтің активтері мен жобаларының қатарында өндірістік кәсіпорындар, инфрақұрылымдық нысандар, технологиялық компаниялар, білім беру жобалары және спорттық бастамалар бар. Атап айтқанда, Freedom Youth Football League холдингке тиесілі. Сонымен қатар холдинг Қазақстанда шахмат пен футболды дамытуға қолдау көрсетумен байланысты жобаларға қатысады.

TPH тарихы - жекелеген жобалардан әртараптандырылған инвестициялық портфельге дейінгі бірізді даму жолы. Холдингтің негізгі қағидаты - ұзақ мерзімді инвестициялық тәсіл. Бұл компаниялардың дамуына, жаңа инфрақұрылымның қалыптасуына және тұрақты экономикалық құндылықтың жасалуына ықпал ете алатын бағыттарды таңдауды білдіреді.

Инвестиция мысалдары

Alatau Air Cargo

Жүк әуе тасымалы және әуе логистикасы саласында қызмет көрсететін компания.

Central Asia Gold Corp.

Алтынды барлау және өндіру саласында жұмыс істейтін компания.

Басшылық

Тимур Турлов

Тимур Турлов

Кәсіпкер, инвестор, Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры. Қаржы саласындағы кәсіби жолын 16 жасында трейдер болып бастаған. 2008 жылы Freedom Finance компаниясының негізін қалап, 2019 жылы бизнестерін Freedom Holding Corp. брендімен біріктіріп, компанияны Nasdaq биржасына шығарды. Бүгінде Тимур Турлов Қазақстанда және шетелде инвестициялық әрі кәсіпкерлік жобаларды дамытып келеді. Сонымен қатар білім беру, спорт, мәдениет және әлеуметтік бастамаларды қолдауға атсалысады.
Ольга Баскакова

Ольга Баскакова

Turlov Private Holding Ltd. бас директоры, қаржылық емес активтерді басқаруға, инвестициялық жобаларды құрылымдауға, компанияны және бизнестің жаңа бағыттарын дамытуға жауапты. Кәсіби тәжірибесі заңгерлік практикамен, корпоративтік құрылымдар мен инвестициялық жобаларды басқарумен байланысты. Ольга халықаралық экономика және құқықтану салаларында білім алған, сондай-ақ психология мен медиация бағыттары бойынша кәсіби даярлықтан өткен.

Жаңалықтар

Байланыс

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/23, 249-кеңсе